Цитатник сайты



Мақұлданғаны: 1492 | Тексерілуде: 0 | Администраторлар: 1 | Модераторлар: 1


#764 Әзіл-Цитата [ +   139   - ] мақұлдаған ruben 2013-04-15 22:51

Ноутбугым кеше уай-файмен интернетке кірмей қалды. Олай тексердім, былай тексердім, болмайт.
Сөйтсе, көршім-албасты телефонға ақша төлеуді ұмытып кетіпті. Жауапкершілік деген қайда кетіп барады, адамдар?!
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#662 Әзіл-Цитата [ +   133   - ] мақұлдаған ruben 2013-01-06 20:15

Жолы болар жігіттің қоразы да жұмыртқалайды.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#513 Әзіл-Цитата [ +   132   - ] мақұлдаған ruben 2012-12-02 22:19

- Папа, мамаммен қалай үйлендіңдер?
- Көрдің бе, қатын? Бала да таңғалыватыр.
Ілмектер: қазақша, әзіл

#518 Әзіл-Цитата [ +   132   - ] мақұлдаған ruben 2012-12-04 00:34

- Бұрындары рахат еді! 500 теңгемен дүкенге барып, 10 жұмыртқа, 2 нан, айран мен қаймақ ала алатынмын. Қалтамда ақша артылып қалатын тағы.
- Ал қазір ше?
- Қазір барлық жерге камера қойып тастаған ғой!!!
Ілмектер: дәйексөз, қызық, әзіл

#789 Әзіл-Цитата [ +   132   - ] мақұлдаған ruben 2013-05-04 00:51

«Сұлулық бетте емес, жүректе» дегенді айналымға енгізгеннің комплексі бар, имхо.
Бетіне қызықпаған адамның жүрегіне үңіліп қайтем, қасқа-а-а!
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#807 Әзіл-Цитата [ +   132   - ] мақұлдаған ruben 2013-05-17 16:04

Ешбір досымды сатпадым, мені лақтырғандарды да:
Көк тиынға татымайтындарын түсіндім. Сол үшін.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#831 Әзіл-Цитата [ +   132   - ] мақұлдаған ruben 2013-06-05 23:56

- Девушка, біздің заказ қашан дайын болады?
- Қазір, әпше, бес минут!
- Болыңдарш тез! Қарын ашты. Әлі оны инстаграмға қою керек.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#782 Әзіл-Цитата [ +   131   - ] мақұлдаған ruben 2013-04-30 00:05

Қыздарды беттеріне қарап бағалайтын байғұстар құмартқан әдеміліктерінің құны бір ылғал салфетка екенін білсе екен.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#572 Әзіл-Цитата [ +   130   - ] мақұлдаған ruben 2012-12-10 02:39

- Үйленер алдын тақыр кедей екеніңді неге айтпадың, албасты???
- Неге айтпадым? Айттым ғой. «Барым да, бағым да - сенсің!» дегенімді романтика деп ойлап қалдың ба?
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#382 Әзіл-Цитата [ +   128   - ] мақұлдаған ruben 2012-10-26 14:23

<jdepp> Алуаны ұмыта алмай жүрмін. Басым жастыққа тисе болды, есіме түседі, ұйқтай алмай шығам сосын!
<ruben> Да-а-а, не дейін, ондайың болса, жастықсыз жат! Соны да мен айтуым керек па?!
Ілмектер: дәйексөз, цитата, қазақша

#579 Әзіл-Цитата [ +   127   - ] мақұлдаған ruben 2012-12-11 00:12

- Кеше ше, өмірімде бірінші рет телевизорға шықтым ғой!
- Құтты болсын! Жумайсың ба? Айтпақшы, қалай болды? Басынан айтып берші!
- Дым қызық болмады. Сол, шықтым. Телевизор сынып қалды көтере алмай...
Ілмектер: қазақша, әзіл

#363 Әзіл-Цитата [ +   127   - ] мақұлдаған ruben 2012-10-22 22:08

Пара - халықаралық валюта.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#635 Әзіл-Цитата [ +   126   - ] мақұлдаған ruben 2012-12-31 17:17

Қатындардың сумкасы winrar технологиясымен жасалған секілді.
Құйттай сумкадан үйдей дүние шығуын басқаша түсіндіру - қиынның қиыны.
Ілмектер: дәйексөз, цитата

#225 Әзіл-Цитата [ +   126   - ] мақұлдаған ruben 2012-09-24 04:41

Гүлім, болды енді, қойшы, жыламашы! Көйлегім су-су болатын болды...
Ілмектер: дәйексөз, цитата, қазақша

#485 Әзіл-Цитата [ +   126   - ] мақұлдаған ruben 2012-11-27 00:08

Бір нәрсені түсіндім:
Дүниеде ешбір психолог адам ішіндегісін унитаздай жеңілдете алмайды екен.
Ілмектер: цитата, әзіл


Бет: [басына] [артқа] [1 | 2 | 3 | 4] [алға] [соңына]

 . © Сұрақ және Жауап сайты